Теннис
12 маусым 18:55

Рыбакина мен Путинцева жұптық сында WTA 500 турнирінің ширек финалына өтті

©ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының теннисшілері Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Ұлыбритания астанасы Лондонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы ірі турнирдің ширек финалына шықты.

Спортшылар жұптық сайыста сәтті өнер көрсетуде.

Рыбакина мен Путинцева 1/8 финал кезеңінде испаниялық Кристина Букша мен бразилиялық Беатрис Хаддад Майя жұбын жеңді.

Кездесу 6:3, 5:7, 10:6 есебімен аяқталды.

Жартылай финалға шығу үшін Елена мен Юлия нидерландтық Деми Схюрс пен америкалық Эйжи Мухаммадқа қарсы ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

OSZAR »