Теннис
13 маусым 13:53

Данилина Лондондағы турнирдің жартылай финалына өтті

©ҚТФ

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан беделді WTA 500 санатындағы Queen’s Club Championships турнирінің финалына шығу үшін күреседі.

Ширек финалда Данилина ресейлік жұбы Диана Шнайдермен бірге аустралиялық Сторм Хантер мен америкалық Дезире Кравчик жұбын жеңді.

Кездесу екі сетке созылды. Матч 7:6, 6:4 есебімен аяқталды.

Жартылай финалда Анна мен Диана аустралиялық Эллен Перес пен қытайлық Чжан Шуаймен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

OSZAR »