Бүгін, 2 мамыр Алматының "Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасында жартылай финалдық матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Францияның Ле-Ман қаласында өтетін "төрртеудің финалында" алматылықтардың қарсыласы испаниялық "Картахена" болады.
Матч Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 20:50.
"Қайрат" – "Картахена" матчының тікелей көрсетілімі
Тағы бір жартылай финалда португалиялық "Спортинг" пен испаниялық "Пальма" клубтары кездеседі. Бұл ойын Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады және Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.
Жарнама