Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 13-тур ойындары басталды. "Қайрат" өз алаңында "Қызылжарды" ұтып, 3 ұпайға қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматының орталық стадионында өткен матчта шешуші сәт 31-минутта орын алды. "Қызылжар" шабуылшысы Тоқтар Жаңғылышбай алаңнан қуылып, командасы 10 ойыншымен қалды.
"Қайрат" 74-минутта жеңіс голын соқты. Қорғаушылар қателігінен кейін Валерий Громыко жеңіс голын өз еншісіне жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
13-турдағы өзге ойынның бірінде "Жеңіс" "Атырау" командасын 2:0 есебімен ұтып шықты.
Жарнама