Хоккей
14 мамыр 10:09

Қазақстан құрамасының 2025 жылғы ӘЧ-дегі ойынында сенсация болды

©instagram.com/kazakhstanhockey/

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатындағы топ-дивизионда екінші рет жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл матчта Олег Болякиннің командасы фаворит саналған еді, себебі 2024 жылдың тамызында өткен 2026 жылғы Қысқы Олимпиадаға іріктеу кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы Венгрияны (5:2) ұтқан болатын.

Дегенмен, мына матчте Венгрия командасы15-ші секундта есеп ашып, қазақстандықтардыі есін шығарды. Голды Юнош Хари соқты.

Бірінші кезеңнің соңында, 19-шы минутта Иштван Тербош Қазақстан құрамасының қақпасына екінші шайбаны салды.

Екінші кезеңде, 35-ші минутта Никита Михайлис бір гол сала алды. Бұл эпизодта Болякиннің командасы бір ойыншыға артық болды.


Алайда венгрлер үшінші кезеңде қайтадан екі шайба айырмасын қалпына келтірді - 41-ші минутта Вильмош Галло гол салды.

44-ші минутта венгрлер тағы бір шайба салды. Бұл голды Петер Винце салды.

Матч бітуге бір минут қалғанда Валерий Орехов Қазақстан құрамасы үшін екінші шайбаны салды, қортыныды есеп - 2:4.


Осылайша, Қазақстанда үш матчте 3 ұпай жинады, Норвегияны ғана ұтты (2:1). Венгриямен қатар, қазақстандықтар Германия құрамасына ұтылды, әлі ұтылмаған германиялықтар топта бірінші орынға шықты. Матчтар Хернинде (Дания) өтуде.

B тобында жағдай келесідей:

• Германия — 9 ұпай;
• Чехия — 8;
• Швейцария — 7;
• АҚШ — 6;
• Венгрия — 3;
• Қазақстан — 3;
• Норвегия — 0;
• Дания — 0.

Еске салсақ, топтағы алғашқы төрт команда плей-оффқа (1/4 финал) өтеді, ал соңғы орын алған команда элиталық дивизионнан шығып қалады.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңде әлі төрт матч өткізеді.

Қазақстан құрамасының 2025 жылғы әлем чемпионатындағы ойын кестесі:

1) 14 мамыр (сәрсенбі), 23:20 — Қазақстан vs Дания;
2) 17 мамыр (сенбі), 19:20 — Чехия vs Қазақстан;
3) 18 мамыр (жексенбі), 19:20 — Қазақстан vs АҚШ;
4) 20 мамыр (сейсенбі), 15:20 — Швейцария vs Қазақстан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

OSZAR »