Каталондық "Барселона" мен Испания құрамасының вингері Ламин Ямаль "Алтын допқа" үміткер Усман Дембеле туралы өз пікірін білдірді, деп жазады Vesti.kz.
Бұл пікір Испания мен Франция арасындағы Ұлттар лигасы жартылай финалының алдында айьылды. Goal деректеріне сүйенсек, 17 жастағы талант жартылай финал нәтижесі бір ғана ойынға емес, бүкіл маусымға негізделуі керектігін атап өтті:
"Біз [Испания] бейсенбіде жеңеміз деп сенемін. Бірақ нәтиже біз үшін сәтсіз болса да, мен бәрібір маусым бойы үздік болған ойыншыға дауыс беремін. Егер бәрі мен ойлағандай не Дембеленің жоспарындағыдай болмаса ше – онда не Жексенбіде жарқ еткен адамға дауыс беру керек пе? Жоқ, мен жыл бойғы көрсеткішті бағалағанды жөн көремін," – деді Ямаль El Partidazo-ға берген сұхбатында.
Футболшы сөзін әзілмен түйіндеді:
"Мен бұл жүлдені маусым бойы үздік болған адамға берер едім... өзімде қалдырар едім", – деп күлді Ямаль.
Айта кетейік, Усман Дембеле "Пари Сен-Жермен" сапында тамаша маусым өткізді. Ол Франция чемпионатында, ел Кубогында және Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанып, 35 гол соқты. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы атанды.
Ал Ламин Ямаль жас болса да "Барселонамен" бірге Ла Лига, Испания Кубогы және Суперкубокты жеңіп алды. Ол барлық турнирде 19 гол салып отыр.
Испания мен Франция арасындағы жартылай финал бейсенбі күні Штутгартта өтеді. Жеңімпаз Германия – Португалия жұбындағы мықтымен финалда кездеседі.
Ямаль мен Дембеле арасындағы текетірес "Алтын доп – 2025" жүлдесінің тағдырына әсер етуі мүмкін. Goal жариялаған соңғы тізімде Дембеле бірінші орында тұр, Ямаль – екінші.
Жарнама