Мысырлық "Замалек" клубының және Египет құрамасының 24 жастағы орталық қорғаушысы Хоссам Абдельмагид биыл жазда ресейлік клубтардың біріне қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
TransferFeed порталының мәліметінше, Ресей рпемьер-пигасының екі үздік клубы - мәскеулік ЦСКА мен петерборлық "Зенит" - футболшыны сатып алу бойынша ресми ұсыныстарын жолдаған.
Каирлік клуб өз құрамындағы негізгі қорғаушысын шамамен төрт миллион еуроға бағалап отыр.
2024 жылғы маусымда Мохамед Салахтың отандасы 41 матч өткізіп, екі гол соқты және бір нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, оның Египет құрамасының негізгі сапында тәжірибесі бар, ол ұлттық құрамамен екі ойынға қатысқан.
Transfermarkt порталының мәліметінше, қорғаушының нарықтық құны - 600 мың еуро.
Айта кетейік, мысырлық ойыншы Қазақстан құрамасы мен "Зениттің" қорғаушысы Нұралы Әліппен бір позицияда ойнайды.
Жарнама