"Арсеналдың" бас бапкері Микель Артета Чемпиондар лигасының 1/2 финалындағы бірінші матчте "Пари Сен-Жерменнен" (0:1) минималды есеппен ұтылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл кездесу Лондондағы "Эмирейтс" стадионында өткен болатын.
"Біз бұдан да жақсы нәтижеге лайық едік. Бұл әлі бірінші матч қана. Дәл осылай мен "Реалмен" өткен кездесуден кейін де айтқан едім. Енді біз Парижге барып, жеңіске жетуіміз керек. Ойынды қайта қарап, кейбір аспектілер бойынша жұмыс істейміз. Иә, бұл 50 де 50 жағдай", – деді Артета Canal+ телеарнасына берген сұхбатында.
Қарымта матч 7 мамырда Парижде өтеді.
Айта кетейік, 1 мамырға қараған түні Чемпиондар лигасының өзге жартылай финал матчінде "Барселона" мен миландық "Интер" кездеседі.
Жарнама