Футбол
28 маусым 23:19

Поль Погба команда тапты

© "Монако" ФК

Француз футболшысы Поль Погба "Монако" командасының қатарын толықтырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай қорғаушы мен клуб екі жылға жарамды жаңа келісімшартқа қол қойды. "Монако" сапын еркін агент ретінде толықтырды. 

Погба бұған дейін "Манчестер Юнайтед" пен "Ювентус" клубтарында өнер көрсетті. Ол – Еуропа Лигасының жеңімпазы, Италияның төрт дүркін чемпионы, Италия Кубогының екі мәрте иегері және үш рет Италия Суперкубогын жеңіп алған.

Франция құрамасы сапында Погба 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы, УЕФА Ұлттар лигасының чемпионы және Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от AS Monaco ?? (@asmonaco)

Допинг қолданғаны үшін төрт жылға шеттетілген Погбаның жазасы 18 айға дейін қысқартылды. Осылайша, бұрынғы Франция құрамасының ойыншысы дисквалификация мерзімін наурыз айында толық өтеп шықты.

2023/2024 маусымында Погба "Ювентус" сапында бар болғаны екі матч қана өткізді, содан бері ресми ойындарға қатыспаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

OSZAR »