Франция құрамасы мен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппенің "Алтын доп" жүлдесіне қатысты айтқаны ойы футбол баспасөзін шулаып жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Португалия құрамасы жеңімпаз атанған УЕФА Ұлттар лигасы аяқталғанда Испания мен Германияға қарсы матчтарда гол соққан Мбаппе жеке марапатқа үміткерлер қатарынан тағы да орын алды. Алайда ойыншының өзі бұл жүлдеге аса мән бермейтінін айтты.
"Мен 'Алтын допты' беретін адам емеспін. Менің өз пікірім бар, айтпақшы, ол соңғы жеңімпаздар туралы жалпы пікірден өзгеше болды. Мен аяғыммен жеңіп алатын жалғыз жүлде - ол 'Алтын бутса'. Қалғаны менің қолымда емес", – деді Мбаппе DefensaCentral сайтына берген сұхбатында.
Бұған дейін франциялық ойыншы Ламин Ямаль сияқты басқа үміткерлерге емес, Усман Дембеле үшін дауыс берер едім деп айтқан болатын.
"Дембеле үшін дауыс берер ме едім? Иә. Бұл түсініктеме талап етпейді деп ойлаймын. Барлығы Ямаль мен Дембеле туралы айтып жатыр, мен Дембелені таңдаймын. Бұл айқын. Бұған дейін де ешкім айтпаған ойыншылар жеңіп кеткен. Қыркүйекке дейін әлі көп нәрсе өзгеруі мүмкін".
Ойыншының бұл пікірі "Алтын доп" жүлдесінің әділдігіне деген күмәні бар екенін көрсетеді. Бұл марапатты жыл сайын France Football журналы табыстайды. Соңғы жылдары бұл басылым жеңімпазды анықтау критерийлерінің ашық еместігі үшін жиі сынға ұшырап келді.
Жарнама