Бундеслиганың өткен маусымындағы ең үздік ойыншының есімі юелгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл атаққа "Бавария" шабуылшысы және Англия құрамасының капитаны Харри Кейн ие болды. Мәлімет мюнхендік клубтың әлеуметтік желілерінде жарияланды.
Харри Кейннің көрсеткіштері:
31 матч
26 гол
10 нәтижелі пас
Осы көрсеткіштер арқылы ол Бундеслиганың үздік ойыншысы деп танылды.
Бұл Германия чемпионда өнер көрсетіп жүрген 31 жастағы англиялық футболшы үшін карьерасындағы алғашқы трофей болды.
Еске салайық, Харри Кейн 2023 жылдың тамызында "Тоттенхэм" клубынан "Баварияға" 95 миллион еуроға ауысқан болатын.
Жарнама