"Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы Про-лигасының 34-туры аясында "Әл-Фатехпен" өткен соңғы матчтағы (2:3) жеңілістен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған дейін португалиялық футболшы жазда командасын ауыстырып, клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысатындықтан басқа командаға өтуі мүмкін екені айтылған болатын.
"Бұл тарау аяқталды. Ал тарих? Ол әлі де жазылып жатыр. Баршаңызға ризамын", — деп жазды Криштиану Роналду әлеуметтік желіде.
"Әл-Наср" Сауд Арабиясы чемпионатының турнирлік кестесінде маусымды 70 ұпаймен үшінші орында аяқтады. Португалиялықтың командасы маусым жеңімпазы атанған "Әл-Иттихадтан" 13 ұпайға қалып қойды. Криштиану Роналду биылғы маусымда 25 гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанды.
Жарнама