Футбол
13 мамыр 13:38
 

"Барселона" "Реалды" ұтып қыруар табыс көрді

  Пікірлер

blog.share

"Барселона" "Реалды" ұтып қыруар табыс көрді ©"Барселона" ФК

Каталондық "Барселона" клубы 11 мамырда өткен Испания чемпионатының 35-турындағы "Реал Мадридке" қарсы матчтан билет сатылымы арқылы рекордтық табыс тапты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Каталондық "Барселона" клубы 11 мамырда өткен Испания чемпионатының 35-турындағы "Реал Мадридке" қарсы матчтан билет сатылымы арқылы рекордтық табыс тапты, деп хабарлайды Vesti.kz.

RAC1 радиосының мәліметінше, эль-класико күні "Барселона" 13,5 миллион еуро табысқа кенеліп, "Камп Ноу" стадионын жаңғыртуға байланысты "Олимпик Льюис Компанис" аренасына көшкелі бері матч күніндегі ең жоғары кіріс көрсеткішін тіркеді. Бұған брондау алымдарын есептемегенде ең арзан билет құны 219 еуро болғаны да әсер етті.

Одан бөлек, матчты 50 319 жанкүйер тамашалап, бұл көрсеткіш осы маусымдағы абсолют рекорд тіркеді. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіштер Чемпиондар лигасындағы "Интерге" (50 314) және "Баварияға" (50 312) қарсы кездесулерде болған.

Ойын нәтижесі бойынша "Барселона" 4:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, каталондықтар "эль-класикодағы" 104-інші жеңісін тіркеді. "Реалдың" еншісінде — 105 жеңіс, ал 52 ойын тең аяқталған. Биылғы маусымда бұл екі ұжым төрт рет кездесіп, төрт ойында да "Барса" жеңіске жетті: алғашқы айналымда қонақта 4:0, одан кейін Суперкубок (5:2) пен Испания кубогының финалында (3:2) басым түсті.

Осы жеңістің арқасында "Барселона" 82 ұпаймен турнирлік кестенің бірінші сатысында өз орнын нығайтып, чемпионат аяқталғанға дейін үш тур қалған кезеңде  "Реалдан" жеті ұпай ілгелеп тұр. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!
OSZAR »