Футбол
16 маусым 17:15

Айбол Әбікенге ҚПЛ клубтары қатарынан қызығып отыр

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен жазғы трансфер кезінде "Қайсар" командасынан кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz

29 жастағы футболшы ҚПЛ-дің бірнеше командасынан тиімді ұсыныс алған. 

Маусым басталар алдында "қасқырлар" басшылығы команда көшбасшыларына түрлі сыйақы беруді уәде еткен болатын, алайда осы уақытқа дейін бұл төлемдер жүзеге аспаған.

Жазғы трансферлік кезеңде Әбікеннің "Қайсардан" кететіні күтілуде, сондай-ақ бірқатар жетекші футболшылар да командамен қош айтысуы мүмкін.

Биылғы ҚПЛ маусымында алматылық футболшы 13 матч өткізіп, бір гол соқты. "Қайсарға" дейін ол "Қайрат", "Ақсу" және "Ордабасы" клубтарында ойнаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

OSZAR »