Футбол
2 маусым 17:17
 
Артем Дзюбаның "Қайратқа" ауысу мәселесіне қатысты нақты шешім қабылданды

  Пікірлер

blog.share

Артем Дзюбаның "Қайратқа" ауысу мәселесіне қатысты нақты шешім қабылданды ©globallookpress.com

36 жастағы ресейлік шабуылшы Артем Дзюба Тольяттидің "Акрон" клубында қалатын болды және алматылық "Қайратқа" ауыспайды. Клуб тәжірибелі форвардпен келісімшартты тағы бір маусымға ұзартқанын ресми түрде хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

Бұған дейін Дзюба екі нұсқаны қарастырып жатқаны айтылған — не карьерасын аяқтау, не "Акронмен" келісімді ұзарту.

"Артем Дзюба "Акронда" қалады! Ресей футболының үздік бомбардирі атанған шабуылшы келісімшартты тағы бір маусымға ұзартты!" – деп хабарлады ресейлік клубтың баспасөз қызметі.

Өткен маусымда Ресей премьер-лигасында (РПЛ) Дзюба 22 матчқа қатысып, 9 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, ол Ресей кубогының екі ойынына қатысып, бір голмен көзге түсті.

Еске салайық, әйгілі ресейлік шабуылшыға қызығушылық танытқан клубтардың бірі – "Қайрат" болды. Алматы клубының басшылығы шабуылшымен келісімге келуге дайын еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!
OSZAR »