Единоборства
20 мамыр 12:28
 

UFC аңызы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді

  Пікірлер

blog.share

UFC аңызы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді ©valetudo.ru

Ауыр салмақтағы UFC-нің қазіргі чемпионы, америкалық Джон Джонс (28-1) кәсіби ММА карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Ауыр салмақтағы UFC-нің қазіргі чемпионы, америкалық Джон Джонс (28-1) кәсіби ММА карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Джон Джонс карьерасын аяқтады ма?

37 жастағы әйгілі файтердің бұл мәлімдемесі ресейлік танымал промоутер Камил Гаджиевпен сұхбат барысында айтылды.

Гаджиев: 10 жыл өтті, сен әлі де белсендісің.
Джонс: О, жоқ. Мен аяқтадым – жетер енді.

Джон Джонстың соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың қарашасында, Нью-Йоркте өткен UFC 309 турнирінде өтті. Ол сол кеште ауыр салмақтағы бұрынғы чемпион Стипе Миочичті нокаутпен жеңіп, титулын алғаш рет қорғаған еді.

UFC бәрін білгенімен неге үнсіз отыр?

Джонс өзінің болашақ жоспарлары туралы UFC ұйымын әлдеқашан құлағдар еткенін айтты, алайда неге ресми ақпарат жарияланбай отырғанын түсінбейтінін жеткізді.

"Сендер неге басқа жақтан жауап іздеп жүрсіңдер? Мен UFC-ге бұл жайлы баяғыда айтқанмын. Олар неге әлі күнге дейін мұны сіздерге жарияламай отырғанын білмеймін", – деп жазды Джонс әлеуметтік желіде.

Джон Джонстың жетістіктері

Титулдары:

• UFC ауыр салмақ чемпионы – 2023
• UFC жартылай ауыр салмақ чемпионы – 2011–2015 (8 мәрте қорғау), 2018–2020 (3 мәрте қорғау)
• USKBA жартылай ауыр салмақ чемпионы – 2008

Рекордтары:

• UFC тарихындағы ең жас чемпион – 23 жас және 242 күн
• Жартылай ауыр салмақтағы ең көп титул қорғау – 11
• UFC-де ең көп титулдық жекпе-жекте жеңіске жеткен спортшы – 14


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!
OSZAR »