Единоборства
11 маусым 17:23

Рахмонов үшін UFC-де ең қауіпті кім екені айтылды

©Тұрар Қазанағпов

Жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Ислам Махачевтің менеджері Әли Абдель-Азиз дағыстандық файтердің жартылай орта дивизиондағы мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Абдель-Азиздің айтуынша, Махачев ұзақ демалмайды және ең жоғары деңгейде өнер көрсете беруге дайын.

"Ислам жеңілмейді. Соңғы жылдары Махачев қарсыластарын тас-талқан етіп жүр. Ол тарихтағы ең ұлы файтерлердің бірі болып қалады. Махачев биыл 100 пайыз жекпе-жекке шығады. Ол күніне екі рет жаттығады, сондықтан алдағы үш-төрт айда айқасуға дайын болады", – деп келтіреді менеджердің сөзін Sport24.

Бұған дейін Махачев жаңа салмаққа өтісімен аустралиялық чемпион Джек Делла Маддалена жұдырықтасуы мүмкін екені хабарланған еді. Осы жекпе-жектің жеңімпазымен қазақстандық Шавкат Рахмонов айқасуы ықтимал. Дереккөздердің мәліметінше, оған дейін Рахмоновқа америкалық Белал Мұхаммедпен жекпе-жек ұйымдастыру да қарастырылып жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

OSZAR »