Өзбекстанда Дүниежүзілік бокс ұйымы (World Boxing) аясында өтетін Әлем кубогі кезеңіне қатысатын Қазақстанның бокстан ерлер құрамасына өз бағасын берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ең мықты боксшылар іріктелдіЖарыс 30 маусым мен 7 шілде аралығы Астанада өтеді. Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов бұл турнирге елдегі ең мықты боксшылар қатысатынын мәлімдеген болатын.
"Қазақстан құрамасында жас әрі талантты спортшылармен қатар, тәжірибелі чемпиондар да бар. Команда құрамына енген әрбір боксшы — өз салмағында елдегі үздік өкілдердің бірі", — деп жазады Zamin.uz басылымы.
Басылым команда мүшелеріне берген сипаттамасы:50 кг — Санжар Тәшкенбай. Жылдам әрі дәл соққылары жанкүйерлерді бей-жай қалдырмайды.
55 кг — Махмұт Сабырхан. Әлемдік деңгейде танылған жас боксшы — Қазақстан боксының болашағы.
60 кг — Серік Теміржанов. Жылдам әрі шапшаң стилінің арқасында қарсыластары үшін қауіпті.
65 кг — Ертуған Зейнуллинов. Тәжірибелі боксшы, ел намысын қайта қорғауға дайын.
70 кг — Абылайхан Жүсіпов. Техникалық шеберлігі мен күшті соққыларынан көп нәрсе күтуге болады.
75 кг — Сабыржан Аққалықов. Оның шешуші соққылары қарсыластарға үлкен қиындық тудыруы мүмкін.
80 кг — Нұрбек Оралбай. Өз салмағында мықты қарсыластармен айқаса күресе алатын дарынды спортшы.
85 кг — Бекзат Нұрдәулетов. Олимпиада мен әлем чемпионаттарында жетістікке жеткен чемпион.
90 кг — Сағындық Тоғамбай. Тұрақты және күшті стилімен жеңіске жетуге ұмтылады.
90+ кг — Айбек Оралбай. Ауыр салмақта ел үміті саналатын боксшы, кез келген қарсыласқа қарсы тұра алады.
"Бұл команда бұған дейінгі кезеңге, яғни, Польшаның астанасы Варшавада өткен турға қатыспай қалған болатын. Енді олар өз елінде өтетін кезеңде жанкүйер сенімін ақтап, жоғары нәтиже көрсетуге ниетті", — деп түйіндеді басылым.