Бокс
9 маусым 09:16
 

Қазақстандық бірегей боксшы құрама ауыстыруға қатысты нақты шешімге келді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық бірегей боксшы құрама ауыстыруға қатысты нақты шешімге келді ©СДД

Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан Түркістан облысының атынан өнер көрсетуді жалғастыра беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан Түркістан облысының атынан өнер көрсетуді жалғастыра беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін боксшы аймақтық кманданы ауыстырып, Қазақстан ішіндегі турнирлерге, соның ішінде ел чемпионаттарына Атырау облысының атынан қатысатынын мәлімдеген еді. Алайда, Төрехан бұл ойынан неге қайтып отырғаны түсіндірді.

"Ассалаумағалейкум қазақ елә. Мен ары қарай да Шымкенттік намысын қорғаймын!

Иә, осыған дейін Атырау облысына ауысамын деп хабарлаған ем. Ол жаққа мені Бауыржан Кәрімов ағам шақырған. Жақында ол кісі Шымкент бокс федерациясының вице-президенті қызметіне келді.

Жаңа қызметіне келе салысымен біз кездесіп, әңгімелестік. Оның қорытындысы бойынша мен Шымкентте қала беретін болдым.

Бұған дейін айтқанымдай, мен тек ішкі біріншілікте жеке бір өңірдің намысын қорғаймын. Ал шет елге шыққанда Қазақстанның көк туын көтеремін. Қолдау білдіріп отырған барлықтарыңызға рақмет", - деп жазды боксшы

" target="_blank">Instagram желісінде.

Еске салайық, Төрехан Сабырхан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатын төрт мәрте жеңіп алған тұңғыш спортшы ретінде бокс тарихына енген. Сонымен қатар, ол осы жас санатында әлем чемпионы атанған.

2025 жылдың наурыз айында ол беделді Странджа кубогында алтын жеңіп алып, турнирдің ең үздік боксшысы атанды – бұл атаққа бұған дейін ешбір қазақстандық ие болмаған.

Ал сәуір айында, Төрехан кәсіпқой бокстағы жарқын дебютін жасап, чехиялық боксшы Иржи Хаукені нокаутпен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!
OSZAR »