Екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль Канело Альварес (63-2-2, 39 КО) жеңілмеген америкалық Теренс Кроуфордпен (41-0, 31 КО) жекпе-жек өткізетін болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл туралы Сауд Арабиясы Ойын-сауық істері Бас басқармасының басшысы Турки Әл аш-Шейх хабарлады.
Жекпе-жек 13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.
Кроуфорд – ерекше боксшы, ол екі салмақ дәрежесінде абсолют чемпион атанған: бірінші жартылай орта және жартылай орта салмақта. Енді ол салмақ дәрежесін көтеріп, мексикалық аңызға қарсы шығуға шешім қабылдады.
34 жастағы Альварестің рекорды салмақты: 63 жеңіс, 2 жеңіліс және 2 тең нәтиже. Мамыр айында өткен кейінгі айқасында ол кубалық Уильям Скуллды анық жеңді.
Тайсон атақты емес бірақ әлемде ең мықты боксшыны атады
Ал Кроуфордтың көрсеткіші тіпті мінсіз: 41 жекпе-жек, 41 жеңіс.
Бірінші орта салмақта WBA чемпионы болып тұрған Кроуфорд рингке бір жылдан аса уақыт үзілістен кейін қайта оралатынын айта кетейік.
Riyadh Season and Sela Present
— TURKI ALALSHIKH (@Turki_alalshikh) June 10, 2025
The Fight of the Century ?
Canelo vs. Crawford ?
For the Undisputed Super Middleweight Championship and The Ring Magazine Belt ?
? Sept 13 – Las Vegas
? Streaming live on Netflix as part of a strategic partnership with Riyadh Season… pic.twitter.com/Z1kJrb0FcN
Жарнама