Бокс
22 мамыр 11:08

Ең талантты боксшылардың бірі құрамаға неге кірмей қалды?

©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан құрамасының жанып келе жатқан жұлдызды және 2025 жылғы "Странджа" кубогының үздік боксшысы Төрехан Сабырхан Астанада өтетін World Boxing аясындағы Әлем кубогі кезеңіне қатыспайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін бас бапкер Қайрат Сәтжанов турнирге қатысатын боксшылардың алдын ала тізімін жариялаған болатын. Құрамға Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай бастаған алғашқы нөмірлі боксшылар енген.

Төрехан Сабырхан неге құрамға кірмеді?

Төреханның құрамаға кірмеу қалуы World Boxing турнирлерінде 67 келі салмақ дәрежесінің болмауымен байланыстыруға болады. 

65 кг салмақ дәрежесінде Ертуған Зейнуллинов таңдалды.
70 кг салмаққа Абылайхан Жүсіпов тіркелген.

Төрехан Сабырхан кім?

2006 жылы туған Торехан Сабырхан Жасөспірімдер мен жастар арасында Азияның төрт дүркін чемпионы ретінде тарихқа кірді. Сонымен қатар, жастар арасындағы әлем чемпионы.

2025 жылы наурызда Болгарияда өткен "Странджа" кубогында 67 келіде алтын жүлде жеңіп алып, турнирдің үздік боксшысы атанды. Бұл марапатқа бұрын-соңды ешбір қазақстандық қол жеткізбеген.

Сәуір айында Төрехан кәсіпқой бокста дебют жасап, чехиялық Иржи Хаукены үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Сол кеште оның ағасы Махмұд Сабырхан да кәсіпқой рингте алғаш рет жұдырықтасты. Махмұд 55 келі салмақта ел құрамасына енді.


Махмұт Сабырханды жиі "Қазақ Ломаченкосы" деп атайды, себебі оның стилі украиналық Василий Ломаченконікіне ұқсайды. Ол әлем чемпионатының алтын (2023) және күміс (2021) жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс иеленген.

Қазақстан құрамасының World Boxing өткізетін Әлем кубоігне қатысатын толық құрамы:

50 кг — Санжар Тәшкенбай
55 кг — Махмұт Сабырхан
60 кг — Серік Теміржанов
65 кг — Ертуған Зейнуллинов
70 кг — Абылайхан Жүсіпов
75 кг — Сабыржан Аққалықов
80 кг — Нұрбек Оралбай
85 кг — Бекзат Нұрдәулетов
90 кг — Сағындық Тоғамбай
90+ кг — Айбек Оралбай

World Boxing Кубогі Астанада 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

OSZAR »