Бокс
12 маусым 10:43

Әлімханұлын 13 қыркүйек жекпе-жекке шақырды: ол күні Канело айқасады

©RTE

Орта салмақтағы ирландиялық боксшы Аарон Маккена (20-0, 10 КО) қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 12 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жәнібек қана емес барлық чемпионды шақырды

Сауд Арабиясының суперинвесторы Турки Әл аш-Шейх екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль Канело Альварес (63-2-2, 39 КО) пен бірінші орта салмақта WBA титулына ие америкалық Теренс Кроуфордтың (41-0, 31 КО) арасындағы айқастың өтетін күні мен орнын ресми түрде жариялады.

Бұл құлақтандырудан кейін көптеген боксшылар бокс кешінің андеркардында өнер көрсетуге қызығушылық танытты. Солардың бірі - ирландиялық Аарон Маккена.

Ол бірден үш чемпионға, соның ішінде Жәнібек Әлімханұлына ашық түрде жекпе-жекке шақыру тастады.

"Мен Жәнібекпен (Әлімханұлы), (Карлос) Адамеспен немесе (Эрисланди) Ларамен - орта салмақтағы кез келген әлем чемпионымен кездесуге дайынмын. Бұл жекпе-жекті Канело мен Кроуфордтың кардында ұйымдастырайық!" – деп жазды Маккена X әлеуметтік желісінде.


Бұған дейін Ааронды мұндай қарсыластармен жекпе-жекке шығу қауіпті болуы мүмкін деп ескертілген еді.

Еске салсақ, Канело - Кроуфорд жекпе-жегі 13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді және бұл кездесу жылдың басты оқиғаларының бірі болмақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

OSZAR »