Легкая атлетика
29 мамыр 17:18
 

Қазақстан жеңіл атлетикадан АЧ-де алтын жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан жеңіл атлетикадан АЧ-де алтын жеңіп алды ©ҚР ҰОК

Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды.

blog.share

Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды.

Жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына Дейзи Джепкемей көтерілді.

Ол 10 000 метрге жүгіруден өткен финалдық сайыста жеңіске жетті.

Қазақстандық спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті.

Екінші орынды жапониялық Ририка Хиронака (30:56.32), үшінші орынды тағы бір жапон спортшысы Микуни Яда (31:12.21) иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола медаль жеңіп алған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!
OSZAR »